Kia
Жеке тұлғаның көрінісі
Жарықдиодты фаралар (LED)
Қауіпсіздік жүйелері және жүргізушіге көмек
Қарсы алыңыз, жаңа Kia Soul ‒ сыртқы түрі футуристік әсерлі қалалық кроссовер. Шанағының дизайны ерекше және заманауи техникалық сипаттамалары бар бұл автокөлік көлік жүргізуден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Kia Soul әсерлі дизайн, инновациялық опциялар мен динамикалық сипатты үйлестірген. Kia Soul экстерьері көздің жауын алатын автокөлік.
Радиатордың агрессивті және технологиялық тор өрнегі Kia Soul-дың әсерлі сыртқы көрінісін ерекше көрсетеді.
Шанақ түсімен түстес хроммен әрленген бампер, қосымша тоқтату сигналы және артқы аралас шамдар агрессивті және сүйір бұрышты KIA Soul экстерьерін қалыптастырады.
Kia Soul интерьер дизайны сізге ыңғайлы болу үшін жасалған. Кроссовердің салоны әдемі, тексерілген эргономикасы және әрлеудегі жоғары технологиялық элементтері бар. Интуитивті түсінікті басқару органдары жолдағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.
Жайлы автокөлікке қойылатын заманауи талаптарға сәйкес болу үшін Kia Soul-де бәрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Жүргізуші мен жолаушыларға арналған кең жеке кеңістік орындықтарды реттеудің кең ауқымының және аяқ кеңістігінің ұлғаюының есебінен қол жеткізілген.
Түймешелердің аз саны және 8” дисплейі бар жіксіз мультимедиа дизайны орталық консольді жайлы қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құрылғыға қосымша сымсыз қуат беруге мүмкіндік береді.
'Жүк бөлігін қажетіңізге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.'
Артқы жағындағы жолаушылар мобильді құрылғыларын USB-порттары арқылы оңай қосып, қуаттайды.
Ерекше бұрыштық пішінді шанағының арқасында Kia Soul дизайнерлері барынша кең салонға қол жеткізді. Бұл автокөлікке отырып алып, ұзақ сапарға аттана аласыз. Заманауи қауіпсіздік және Drive Wise жүргізушіге арналған көмек жүйелері сапар барысында жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Kia Soul көлікті барынша ыңғайлы жүргізу үшін жаңа технологиялар қолданылған қозғалтқыштардың жұмыс сапасымен сізді таңғалдырады. Қаланы аралап жүргенде оны бірден сезінесіз.
Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөлік суреттері сатылатын автокөліктерден өзгеше болуы мүмкін.
Осы сайттың Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://kia.com.kz/kz/information/
Екпіндеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен ерекшеленуі мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфералық жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың көлемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда айтылғандардан өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей-ақ автокөліктердің құрылымы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.
Soul - Соул, Classic - Классик, Comfort - Комфорт, Luxe - Люкс, Prestige - Престиж, Style - Стайл, Premium - Премиум, GT Line - Джити Лайн, Premium + - Премиум Плюс
MPI (Multi Point Injection) - отынды біркелкі бүркетін бензинді қозғалтқыш.
T-GDi (Turbo Gasoline Direct Injection) – бензинді қозғалтқыштарда отынды тікелей бүркетін жүйе.
Auto - Авто, TFT (Thin Film Transistor) - Тиэфти, Engine (Start-Stop) - Қозғалтқыш (Старт-Стоп), LCD (Liquid Crystal Display) – Сұйық кристалды дисплей, Supervision - Супервижн, USB (Universal Serial Bus) – қосылуға арналған интерфейс, AUX (auxiliary) - қосылуға арналған интерфейс, SD (Secure Digital) – жады картасының форматы, Bluetooth (Блютус) – сымсыз дербес желілер спецификациясы, Apple Carplay - Эппл Карплей, Android Auto - Андройд Авто, Smart Key - Смарт Кей, AHSS(Advanced-high-strength steel) – беріктігі жоғары озық болат, ABS (Anti-lock braking system) - Тежеудің бұғаттауға қарсы жүйесі.
Техникалық сипаттамаларды KIA дилерлерінен нақтылаңыз.